• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:26:07
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 NEWS

Несиесі көп президент кім?

14 несиесі бар президент, соның үшеуі 50 миллион доллардан асып түседі.

Өткен жылы АҚШ президенті Дональд Трамп бес миллион доллар көлемінде ипотекалық несие алғандығы мемлекет басшының қаржылық есебінде жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме бере отырып.

Несие алу барысында кепілдікке Флорида жағалауындағы көз тартатын жекежайын қойған. Трампқа несие 30 жылға  4,5% жылдық мөлшерлемемен берілген. Қазір Америка президентінің жасы 72-де, демек ол несиені жасы 100-ден асқан кезде өтеп бітеді.

Аумағы 930 шаршы шақырым жерді алатын, сегіз жатын бөлмесі бар жекежайды Трамп қазіргі таңда айына 81 мың АҚШ долларына жалға береді.

Трамптың жалпы саны бір басында 14 несиесі бар екен, соның үшеуі 50 миллион доллардан асып түседі.

Ақ Үйдің иесінің алдыңғы жылғы табысы 479 миллион доллар болған. Негізі Трамптың жылдық ақысы- 400 мың доллар.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір