• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

17 Мамыр, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Табыс – ол ақша мен жайлы өмір емес

Көп ақшаға ие болған адамның шын бақытты болары екіталай. Елдерге саяхаттап, әртүрлі тағамдардың дәмін татып, ең жақсы киімдерді киіп жүру де табысқа жатпайды.

Табыс деген не? Көп адамдар оны дұрыс түсінбейді. Осыдан үлкен қиындықтар басталады. Табыс – ол ақша мен жайлы өмір емес. Көп ақшаға ие болған адамның шын бақытты болары екіталай. Көп елдерге саяхаттап, әртүрлі тағамдардың дәмін татып, ең жақсы киімдерді киіп жүру де табысқа жатпайды. Алайда адамдар осындай өмірге жетуді мақсат етеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сонда табыс деген не? Табыс деген – тұлғалық даму. Сізден ақшаңызды, киіміңізді, тамағыңызды, үйіңізді, бәрін тартып алды деп елестетіңіз. Сонымен, өзіңізде не қалды? Әрине, өзіңіз, ойыңыз, санаңыз қалды. Сіз Виктор Франкл есімін естіген боларсыз. Ол шын өмірде болған мықты адам. Оның тұлғалық мықтылығы сонша ешқандай қиындық оны сындыра алмаған. Уақытыңыз болса Виктор Франклдің тұлғалық қалыптасу жолын оқыңыз.    

Табыс - бұл өзімшіл болмау. Өзіңді және отбасыңды қолдау үшін табысқа ұмтылған жақсы. Дегенмен, тек мұнымен шектелсеңіз шынайы табысқа жете алмайсыз. Біз қоғамда өмір сүргендіктен, ондағы тұлғалар, адамдар сізге әсер ететіні сөзсіз. Егер сіздің достарыңыз, отбасыңыз және жақын адамдарыңыз, басыңызда шатырыңыз және жақсы табысыңыз бар делік. Дегенмен, сіз қоғамда өмір сүріп, күн сайын әртүрлі адамдарды кездестіресіз. Ол адам жағымсыз, ақылсыз болуы мүмкін. Шын мәнінде табысты адам қоғамдағы сондай адамдарды байқап, ондай жандардың барына өзін де кінәлі сезінеді. Санасы солай дейді. Егер сіз шын мәнінде табысты болсаңыз қоғамды өзгеруге тырысыңыз, себебі ол сізді өзгерте алады.

Адамның өз дарыны мен қабілетін аша алмауы және өзінің қажеттілігін өтей алмауы жеке дамуға үлкен кедергі келтіреді. Сондықтан ешқандай қабілетті қажет етпейтін жұмыстарды істеп, өз уақытын босқа кетіреді. Ондай адамдарда жеке дамуға деген қызығушылық, мотивация қалмайды және адамгершілік, жағары қасиеттерін бірсарынды, ыңғайлы өмірге айырбастайды. Тіпті жұмыстан кейінгі бос уақытты пайдасыз нәрселермен толтырады. Қоғамға қосатын үлесі төмен адамға айналады және оны өзі де түсінеді. Осындай санатқа түспеу үшін өз қабілеттеріңізді ашып, дамытыңыз. Сонда ғана шынайы табысқа жетесіз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір