• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:04:56
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Қазақстандағы балабақшалардың барлығын үлкен тексеруден өткізу керек! Балалар мен жасөспірімдер баратын үйірмелерге де лицензиясы бар мекемелерге ғана рұқсат беру керек! Бүгін дәл осы екі мәселенің төңірегіндегі екі жәйт жүректі қақ айырды. Біреуі жаттығуда жүріп ажал құшса, біреуі балабақшада жүріп, екінші қабаттан ұшты... Біреуі көз жұмды, біреуі комада. Адамдар айуаннан да бетер боп бара жатыр. Не көрінд,і осы ақшаның соңынан жүгіргендерге?! Құдайдан қорықсаңдар етті! Арзан қызметкер-тәрбиесіз тәрбиеші-псиxикасы ауытқыған тәрбиеші-тасжүрек тәрбиеші-мейірімсіз әйел-тасжүрек ана-арзан қызметкер! 

"Қазір баламызды қандай балабақшаға береміз немесе мемлекеттік балабақшаға бере аламыз да?" деп емес, тәрбиешілері дұрыс, сенімді балабақша іздейтін болдық. Барлық ата-ананың уайымы сол. Айына 100-150 мың теңгелік жекеменшік балабақшаларға жұрттың бәрінің жағдайы жетпейді! Арзандарының түрі – анау. Мен бұл мәселені бірінші рет айтып отырған жоқпын. Бірақ біздің Білім министрі, отбасы мен балалардың мәселесімен айналысатын департаменттерден әрекет байқалмайды. Сіздер неге бұл мәселені қолға алмайсыздар? Ол балалардың орнында өздеріңіздің балаларыңыз немесе немерелеріңіздің болмауына кім кепіл?! Хош, жазған жазбаларым жететін жерге жетпесе, мінберде сөз тисе, министрді көрсем, бірінші кезекте осы мәселені айтамын!

Асхат Садырбайдың фейсбук парақшасынан алынған

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір