• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:21:23
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2019 Саясат

Президенттікке үміткерлер сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды?

Мемлекетті басқаруды дәметіп отырған үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырды.

Кезектен тыс президент сайлауы жарияланып, сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталғалы бері әр кандидат өзінің ұсынысын халыққа паш етіп, оны насихаттап бағуда. Осы ретте Qamshy.kz ақпарат агенттігі қазіргі билікке қарсы шығып, мемлекетті басқаруды дәметіп отырған үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдырғанын атап көрсетуге тырысты.

Әміржан Қосанов 2 маңызды сұрақты аттап өтті. Олар - қоғамдық саясат және жастар саясаты.

Сәдібек Түгел де өз бағдарламасында маңызды қос мәселені ұмыт қалдырған. Экология және ішкі саясат сынды ірі тақырыптар үміткер журналистің бағдарламасына ілінбей қалды.

Ал Жамбыл Ахметбек экология, азаматтар құқығы және жастар саясаты сынды мәселелі сұрақтарды айналып өтіпті.

Үш мәселені ұмыт қалдырған үміткерлер қатарында Амангелді Таспихов та бар. Оның сайлауалды бағдарламасында экология, жастар саясаты және ішкі саясат туралы нақты қадамдар аталмаған.

Төлеутай Рахымбеков өзге бәсекелестерінен асып түсті. Бұл кандидат экология, азаматтар құқығы, ішкі саясат және сыбайлас жемқорлықпен күрес сынды тақырыптармен алыстан "сыйласқан".

Келелі мәселелерді сайлауалды бағдарламасына енгізуді ұмыт қалдырғандар көшін Дания Еспаева бастап тұр. Ол өз бағдарламасына экология, азаматтар құқығы, ішкі саясат, қоғамдық саясат және жастар саясаты турасындағы мәселелерге қатысты ешқандай ұсыныс енгізбеген.

емлекетті басқаруды дәметіп отырған үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларында нені ұмыт қалдыр
Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір