• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

18 Мамыр, 2019 Саясат

Уәдесінде тұру үшін ломбардқа дүние-мүлкін салған кандидат кім?

Қазір "кандидат қатарлы" үгіт-насихат науқанында жұмыс жасауда.

Кезектен тыс президент сайлауына қатысып жатқан жеті кандидаттың бірі – Сәдібек Түгел туралы тың ақпараттардың аз екені рас. "Ұлтым" деп алға ұмтылып жүрген азаматтың бірқатар көлемді жобалары туралы біреу біледі, біреу білмейді. Азамат осындай бір жобасын жүзеге асыру барысында жиған-терген мүлкін ломбардқа өткізген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сәдібек Түгелдің жары Қайникамал Түгел-келінінің қаламынан туған "Додада топты жарған Азаматым!" атты кітабында жазылған.

"Бір-ақ мысал келтірейін: - "Құлагерге ескерткіш салу барысында қаражаттың жоқтығынан сен өте қатты қиналдың, тығырыққа тап болдың. Ұйқысыз түндер мен жүрек ауырғанды бастан кешірдің. Сонда, тығырықтан шығу үшін және ел алдындағы уәдені бұлжытпай орындау мақсатында "Ломбардқа" дүние-мүлкіңді салдың. Нартәуекелге бардың, тыңнан жол салдың, нәтижесінде жеңіске жеттің. Сенің бұл ерлігіңді тек мен ғана емес, қалың қазақ біліп, қолдап отыр деп айта аламын", - дейді кандидаттың жары өз шығармасында.

Еске сала кетейік, 9-маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Сәдібек Түгел "Ұлы дала қырандары" қозғалысынан ұсынылған еді. Қазір "кандидат қатарлы" үгіт-насихат науқанында жұмыс жасауда.

Дайындаған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір