• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:50:43
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2015 NEWS

Кеше кек, бүгін бірлік! (Қуғын-сүргін құрбандарына арналады)

Бүгін Алматыдағы Наурызбай мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы саябақта "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне" орай гүл шоғын қою рәсімі өтті....

Бүгін Алматыдағы Наурызбай мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы саябақта "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне" орай гүл шоғын қою рәсімі өтті. Мұхтар Тайжан, Рысбек Сәрсенбай, Төлеген Жүкеев, Дәурен Қуат, Жанболат Мамай бастаған қоғам белсенділері қуғын-сүргін құрбандарының рухына құран бағыштады. Жиналғандар тұрғанына ширек ғасырға жуықтаған  "Осы жерде 1931-1933 ж.ж. ашаршылық қүрбандарына ескерткіш орнатылады" деген қара тастың орнына ескерткіш орнату жайын талқылады. Мұхтар Тайжан мырза ескерткішті Қазақ үкіметі қолға алып орнату керек десе, "Абай.кз" порталының Бас редакторы Дәурен Қуат қоғамдық топ құрып, Алматы қалалық әкімшілікке ықпал ету керектігін, тым болмаса халықтың өз қаражатымен ескерткіш орнату мүмкіндігін қарастыруды айтты. Рысбек Сәрсенбай мырза мұндай ұлттық іс-шараларға қазақ билігінің тым самарқау екендігін, тіпті мүлдем назар аудармайтындығын қаперге салды. Тым құрыса "Құрбандарына" деген сөз дұрыс жазылмаған "қара тасқа" қарап, жұрт өзінің ұлттық қасіретін ұрпаққа жеткізе алмаған мынау қай мемлекет өзі" деген сұрақпен тарасты....

04

05

08

03

02

qamshy.kz   Бүгінгі қасірет күніне арнап, редакция поштасына келіп түскен ақын Дәулетбек Байтұрсынның "Кеше кек, бүгін бірлік!" өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Кез емес жауға шабар атқа мініп, Тарих сел әкетті алыс қатты ағызып. Өксіген өткен шақтың шежіресін, Шерткен сол көз жеткізем хаттан біліп.   Бір күйден басұа күйге бірден бұрып, Болшевик белсенділер жүрген бүлік. Өмірдің бұзды келіп өз ырғағын, Іргесін жалаңаштап түрген бүріп.   Зорлықпен қыстақтасып «қалашық» боп, Алыста қалды шырша балашық топ. Ырылдап көтеремнің жемтігіне, Адамнан иттер артық таласып тоқ.   Бабамды халық жауы бай-құлақ деп, Сыпырды бар түлігін қайғы қап деп. Конфеска тақыр жерге отырғызды, Түскендей төбесіне ай құлап кеп.   Қор болды қайран қазақ соры қайнап, Әкетті малын айдап, қолын байлап. Аштықтан ісіп-кеуіп өлген адам, Шашылып жатты оңы мен солы жайлап,   Ағайын ағайынға бұрыла алмай, Қырылды кей әулеттің бірі қалмай. Білмейтін қианатты қайран халық, Жер құшты коллективтің бүрін алмай.   Ұрандап колхоз, совхоз құрылсын деп, Қуанды көріп тұрып қырылсын деп. Тұрса да дән қамбада, мал өрісте, Азықсыз өлді адамдар бірінші рет.   Есепсіз естен танып жан қырылған, Айрылған ақ-майымен сарқымыздан. Жайлаудың бетін көрмей жабырқап жұрт, Тоқырап сал-серілер ән жырыңнан.   Сондай бір сойқан салып комунистер, Сүреңсіз көз алдымда көріністер. Бұзылды бір-ақ күнде ел іргесі, Науқанмен желге ұшты көбік істер.   Жасалды қолмен қырғын ашаршылық, Ақымақ атқа мінді нашар шірік. Білмейтін өзге кәсіп малдан басқа, Таппады қазақ байқұс жасар тірлік.   Құртудың жолы сол боп дүр қазақты, Басына үйген әкеп күллі азапты. Ырқына көнбегенді жүндей түтіп, Ақырып айдап барып түрме жапты.   Айрылған малдан қазақ сансырады, Астында жоқшылықтың жаншылады. Халқымнан алты милион екеу қалды, Жеткені бүгінгіге тамшылары.   Осындай көнпіс пе едік біз бұрыннан? Солдатқа жас қазақты тізді мыңнан. Милиондап кетті боздақ қыршын ғұмыр, Орысты қормаймыз деп бізді қырған.   Ұмытты «Отаным» деп кешегіні, Мидайғып шатыстырды есебіңді. Арысын аттандырып алғы шепке, Күзетіп қалды жесір төсегіңді.   Қалғанын соғыс жалмап барса келмес, Батырлар ажал құшты қанша дербес. Қазақтың сағын солай сындырған соң, Сарқынын саржағалдар малша көрмес.   Ойласақ өткен күнді өртенеміз, Қатқандай жыл он екі ай өлкеге мұз. Ақ-қызыл түбімізге жеткен екен, Болып ек қандай халық ертеде біз.   Ұлтымыз көп шетінеп көп сетілді, Ал бүгін өртеңдегі көк секілді. Бір Алла өзі берді азаттықты, Үш ғасыр өтіп бақыт көрсетілді.   Ойласам миым қызар, қаным қайнап, Ондайда намыс өліп, арым жайрап. Дүние қызыл отқа оранады, Қайысқан қара орманды жалын жайлап.   О, менің, егемендік атқан таңым, Береке бейбітшілік тапқан сәнін. Мен сені неге ғана жырламаймын, Өйткені өмір бойы қатты аңсадым...   Сағынып қатты аңсадым ұлт айбынын, Әлемге жар саламыз шырқай бүгін. Нығметке кенелдірді Алла бізді, Беті аулақ болсын енді сұм қайғының!! dauletbek   Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҚЖО-ның мүшесі.  
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір