• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

18 Мамыр, 2019 NEWS

13 жасар тележүргізушінің өліміне кім кінәлі?

Құзырлы орган мәліметі бойынша, 13 жастағы Құтжан Бағлан жол жиегінде велосипедпен келе жатып жол апатына ұшыраған.

Полиция өкілдері 13 жастағы "Балапан" телеарнасының жүргізушісінің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы орган мәліметі бойынша, 13 жастағы Құтжан Бағлан жол жиегінде велосипедпен келе жатып жол апатына ұшыраған. Алған жарақаттарынан жасөспірім ауруханада қайтыс болды.

"10-мамырда сағат 17.30 шамасында Қосшы ауылына алып баратын тас жол бойында жүк көлігі мен велосипед соқтығысып қалды. Кәмелетке толмаған велосипедтегі жасөспірім дене жарақатын алып, ауруханаға түскен. 16-мамырда ол қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің өкілі.

Еске сала кетейік,  бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Құтжан Бағланның қатысуымен болған жол көлік оқиғасы туралы ақпарат пайда болды. "Балапан" телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай Instagram желісіндегі аккаунтында 13 жастағы жүргізушінің мерт болғанын жазған.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір