• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:54:49
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2019 Оқиғалар

13 жастағы тележүргізуші баланың өліміне қатысты полиция түсінік берді

Қайтыс болған Бағлан Қуатжан "Балапан" арнасында бірнеше бағдарлама жүргізген.

Полиция 13 жастағы «Балапан» телеарнасының жүргізушісі болған Бағлан Құтжанның өліміне байланысты тергеу амалдарын жүргізуде, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің tengrinews.kz сайтына берген мәліметіне сілтеме жасап.

Департаментің хабарлауынша, 13 жастағы Бағлан Құтжан велосипедпен жол жиегінде келе жатқанда, жүк көлігімен соқтығысып, өте ауыр жарақат алған. Жарақаттың салдарынан жас бүлдіршін ауруханада қайтыс болған.

"Ағымдағы жылдың 10 мамырында сағат 17.30-да Қосшы ауылы бағыты бойынша келе жатқан жүк көлігі мен велосипед соқтығысып, салдарынан велосипед айдап келе жатқан жас бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Ол 16 мамырда ауруханада қайтыс болды. ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті.

Есетеріңізге сала кетейік, қайтыс болған Бағлан Құтжан "Балапан" арнасындағы "Ойлан, тап!", "Біз де бал болғанбыз", "Қуыр, қуыр, қуырмаш", "Дұрыс-бұрыс" бағдарламаларын жүргізген.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір