• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:50:17
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2019 Тарих

Сұмдық: Атақты фототілші не себепті өз-өзіне қол жұмсаған?

Кевин Картер осы суретіне байланысты журналистер мен оқырмандардың өткір сынына ұшыраған

Бұл – 1993 жылы 25 наурызда Судан елінде болған аштық кезінде атақты оңтүстік африкалық фототілші Кевин Картер түсірген сурет. Суреттегі кішкентай сəби аштықтан бұралып, əлсіреп жолда отыр екен. Оның артында көріп тұрғандарыңыздай көзін қадап, жыртқыш құс "жемтігінің" қимылсыз қалуын күтіп отыр. Кевин Картер осы суретті түсірген соң сол жерден кетіп қалған.

Бұл фото туындыны "The New York Times" газеті сатып алады. Бірақ сурет авторы Кевин Картер осы суретіне байланысты журналистер мен оқырмандардың өткір сынына ұшыраған. Оған көптеген адамдар "Сəби аман ба, оған қандай көмек көрсеттің?" деп сұрақ  жаудырып, суретіңді "Екі құзғын жыртқыштың арасындағы сəби деп атау керек" деп кінә артқан. Ол туралы сол кезде "St. Petersburg Times" газеті: "Бұл адам фотоаппаратын тек өлім аузында жатқан баланы түсіріп, керемет туынды жасау үшін ғана қолданады. Оның қиналып жатқан баланы аш көздікпен аңдып тұрған жыртқыштан еш айырмасы жоқ", деп жазған.

Кевин Картер

Иә, бұл сурет Кевин Картерге ақша мен атақ әкелді. Мәселен, осы суреті үшін ол атақты "Пулитцер" сыйлығын алды. Алайда осы сыйлықты алғаннан кейін үш айдан соң Кевин Картер өлім аузында жатқан сәбиді құтқармағанына қатты өкініп, 1994 жылы 27 шілдеде 33 жасында өзіне-өзі қол жұмсайды.

Дерек көзі: wikipedia.org

Дайындаған: Мият Кәшібай

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір