• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

19 Мамыр, 2019 NEWS

8 жылға бас бостандығынан айырылған ғалым ақталып шықты

Жазықсыз түрмеге жабылған ғалым ол кезде 50 жаста болған.

Алматыда 8 жылға сотталған ғалым ақыры ақталып шықты. Профессор өзіне кесілген жазаның 3 жылын өтеп те қойған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК  телеарнасы сілтеме жасап. 
Оның нақақтан-нақақ жазаланғаны белгілі болып, істі қайта қараған судья Ғалымжан Мамытбековті сот залынан босатты.
«Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы қызметкері мемлекеттің 100 миллионнан аса теңгесін жымқырды деп 8 жылға сотталған еді. Алайда арада 3 жыл өткен соң ұрланған ақшаға қатысы болмағаны анықталып отыр. 

Ғалымның ісі биыл қайта тергеуге жіберілген. Енді ақталып шыққан азамат өзін түрмеге жөнелтуге себепші болған тергеушіні сотқа бермек. Ал сол кезде қарсы куәлік еткен жақын әріптесін профессор кешіргенін айтады.


Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір