• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:32:15
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2019 NEWS

"Ескегіңді берші маған": Шымкенттің ірі көшесін су басып жатыр

Ал әлгі бейнематериалда көліктердің белуардан су кешіп жүргені, кей көліктердің жол шетінде аялдаған күйі су астында қалғаны анық көрінеді.

Әлеуметтік желідегі Алия Ортаева есімді қолданушы өз парақшасына видеоматериал жүктеп, халықтың назарын аударды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Міне сиқы Шымкенттің. Рамазан айында Алла сөзі мен ісі қабыспайтындардың тірлігін көрсетіп жатыр. Велик міну не теңім, суға толды етегім", - деп жазған автор өзі жүктеген видеоның астына. Жазбада видеоны түсірген қолданушы ретінде Алмас Асылбекович есімді азамат көрсетілген.

Желі қолданушылары бейнематериал астына пікір жазып, су басып жатқан көшені Нұр-Сұлтан деп анықтама беруде. 

Ал әлгі бейнематериалда көліктердің белуардан су кешіп жүргені, кей көліктердің жол шетінде аялдаған күйі су астында қалғаны анық көрінеді.

Аталмыш мәселеге қатысты құзырлы орган өкілдері мәлімдеме жасаған жоқ. Айта кету керек, желі қолданушысы әлгі бейнематериалды бүгін сағат шамамен кешкі 21:00-22:00 аралығында жүктеген. 

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір