• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

19 Мамыр, 2019 Тағайындау

Қасым-Жомарт Тоқаев төрт елге жаңа елші тағайындады

Бекетжан Жұмаханов Вьетнам, Камбоджа корольдігі мен Лаос халық-демократиялық республикасындағы Қазақстанның елшісі қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елде Қазақстан елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент бұйрығымен Ерлан Байжанов Қазақстанның Вьетнамдағы төтенше және өкілетті елшісі, Нажмедин Мұхаметәлі – Оман сұлтандығындағы Қазақстан елшісі, Данияр Сарекенов Қазақстанның Индонезиядағы елшісі және Жанна Сартбаева Финляндиядағы елші қызметін атқаратын болады.

Сондай-ақ, Бекетжан Жұмаханов Вьетнам, Камбоджа корольдігі мен Лаос халық-демократиялық республикасындағы Қазақстанның елшісі қызметінен босатылды. Ал  Ержан Мұқаш Қазақстанның Омандағы елшісі қызметін атқармайтын болады.


Ұсынған: Мақпал Сембай 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір