• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:53:06
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2019 Әлем

Евровидение-2019: Нидерланды әншісі жеңімпаз атанып, Ресей 3 - орын алды (видео)

Байқауға 26 елден әншілер қатысты. Евровидение өз тарихында осымен үшінші рет Израильде өтті.

Халықаралық Евровидение-2019  ән байқауында Нидерланды атынан қатысқан Дункан Лоуренс "Arcade" әнімен жеңімпаз атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.
 
"Бұл асқақ арманым үшін, бұл, ең алдымен, ән үшін", — деді қолына жеңіс олжасын ұстаған әнші.
 
Көрермендер мен кәсіби әділқазы алқасының дауыс беруінің нәтижесінде Лоуренс 492 ұпай жинады.
 
Екінші орынды "Soldi" әнімен италиялық Mahmood алса (465 ұпай), ресейлік  Сергей Лазарев 369 ұпаймен үшінші орынды місе тұтты.
 
Байқау финалы сенбі күні Тель-Авивте өткен еді. Байқауға 26 елден әншілер қатысты. Евровидение өз тарихында осымен үшінші рет Израильде өтті.
 
Ұсынған: Мақпал Сембай
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір