• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:47:43
Алматы
+35°

Әлеуметтік желіде мешіт құрылысында болған қызықты әрі таңғажайып оқиғаның бейнежазбасы пайда болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әуесқой бейнематериалды түсірген қолданушының айтуынша, олар 63 метр биіктікте мешіт күмбезін орнатып жатқан. Бір мезетте күмбезді ұстап тұрған арқан үстіне көгершін келіп қонған. Құрылысшылар қанша тырысқандарымен құсты ұшыра алмай қойды.

Олардың ойларынша, мұнда бір тылсым құдірет бар. Себебі, басқа уақытта қанша ұстағың келгенмен, оңайлықпен ұстатпайтын әккі құстың алдарына ұшып келіп, кетпей қоюы тегіннен тегін емес.

Құрылысшылар құстың бұл әрекетін: "Аса Құдіретті Алла мына көгершінді бізге көмекке жіберді" деп бағалайды бейнежазбада.

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір