• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:28:55
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019

Ержан Максим Валерий Меладземен дуэт орындады (видео)

"Сэра" туындысы Меладзенің Нұр-Сұлтан қаласында өткен концертінде шырқалды...

"Голос. Дети" музыкалық жобасының финалисі Ержан Максим тәлімгері Валерий Меладземен бірігіп дуэт орындады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбаларға сілтеме жасап.

"Сэра" туындысы Меладзенің Нұр-Сұлтан қаласында өткен концертінде шырқалды. Залда отырған тыңдармандар жас әнші Ержан Максимді зор қошеметпен қарсы алған. 

Естеріңізге сала кетсек, Ержан Максим бұл әнді Валерий Меладземен және жобаға қатысушылар - Михаил Григорян, Анастасия Сисауримен бірге финалисті анықтау кезеңінде шырқаған. Осы әннен кейін үш әншінің ішінен Меладзе Ержан Максимді таңдаған болатын. 

Сонымен қатар, концертте орындалған ән Батырхан Шүкеновтың құрметіне арналды. 

Оқи отырыңыз:

"Оның жасы 10-да": Ержан Максим кімді жақсы көретінін айтты

Ержан Максим Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы концертін береді

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір