• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

20 Мамыр, 2019 NEWS

Ішімдікке сылқия тойған әйел бала ұрламақ болды (видео)

Желі қолданушылары бұл оқиғаны сәтсіз шығып қалған "бала ұрлау операциясы" деп атауда.

Әлеуметтік желілерде көпқабатты үйдің дәлізінде кішкентай баланың сөмкесін тартып алуға ұмтылыс жасаған әйел адамның бақылау камерасына түскен видеосы кеңінен таралуда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары алғашында бұл оқиғаны Нұр-Сұлтан немесе Алматы қаласында болды деп болжаған. Шын мәнісінде, аталмыш келеңсіздік Қызылорда қаласында орын алыпты.

Видеода 9-10 жасар баланың артынан дәлізге кірген әйел адамның онымен тілдесіп, артынша сөмкесін тартқылағаны анық көрінеді. Біршама уақыттан кейін жоғары қабаттан баланың анасы (болжам бойынша) түсіп, сөмкені қайтаруға ұмтылады. Бірақ әлгі әйелдің оны оңайлықпен берер түрі байқалмады. Тек сырттан кірген ер адамның іске араласуымен ғана баланың сөмкесі иесіне қайтарылған.

Желі қолданушылары бұл оқиғаны сәтсіз шығып қалған "бала ұрлау операциясы" деп атауда.

"2019 жылдың 16-жұлдызында, кешкі сағат 20:40 шамасында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде ішімдік ішкен әйел кәмелет жасқа толмаған баланың сөмкесін тартып алуға ұмтылды. Сондай-ақ, заңға қайшы әрекетке ұмтылған әйел тұрғындардың көмегімен қолға түсті. Қазір ҚР ҚК 191 баптың 1-тармағы және 24-баптың 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу-теусеру жұмыстары жүріп жатыр", - деп мәлімдеме жасады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір