• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:56:52
+35°

20 Мамыр, 2019 NEWS

"Тақтар ойыны" сериалы соңғы бөлімінде күлкіге қалды (видео)

Аталған дүниелер ортағасырлықтардың түсіне де кірмеген...

"Тақтар ойыны" сериалының соңғы бөлімінде күлкілі жағдай орын алды. Пластиктен жасалған заманауи қос бөтелке кадрға түсіп қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Тjournal.ru сайтына сілтеме жасап. 

20-мамыр күні аталмыш сериалдың соңғы бөлімі көрермен назарына ұсынылған. Төртінші серияда бір шыны кофе камераның жіті назарынан қашып құтыла алмай, сол күйі жарыққа шығып кеткен еді. Күлкілі жағдай алтыншы серияда қайталанып отыр. Бұл жолы ортағасырлық мәдениеттегі адамзат баласының түсіне кіріп-шықпайтын пластиктен жасалған қос құты кадрде анық көрініп қалған.

Жауапты өкілдер әлі бұл жағдай туралы пікір білдірген жоқ. Кофе мәселесі туған кезде сериалды түсіруші компания қателігін мойындап, жағдайды реттеген еді.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір