• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:05:56
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 NEWS

Қадыров жас талантқа пәтер сыйлады

Грозный қаласының орталығынан, жиһаздармен жабдықталған 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты

"Сен кереметсің!" музыкалық жобасының жартылай финалисі Юсуп Алиевке Ахмат Қадыров атындағы әлеуметтік қор тағайындаған Грозный қаласының орталығынан 3 бөлмелі үй берілді. НТВ телеарнасының эфирінде Муслим Хучиев балаға кілтті өзі табыстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме бере отырып.

"Ол жартылай финалға дейін өте жоғары деңгейдің қандай болатынын көрсетті, бірақ қазылар алқасы финалда басқа қатысушыларды көргісі келген екен. Көрерменнің ыстық ықыласы мен мамандардың құрметіне ие болған Юсуп үшін бұл да нәтиже. Қорытынды сайыс күні Муслим Магомедович Ахмат-Хаджи Қадыров атындағы әлеуметтік қордың шешімімен Грозный қаласының орталығынан жиһаздармен жабдықталған 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты",- деп жазады Рамзан Қадыров өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қадыровтың айтуынша, Юсуптың алдағы вокал және сахналық шеберлік сабақтарын өз мойнына алады. Енді жас баланың талантын барлық қырынан ашып, мамандар  оны елге танымал етуге тырысады.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір