• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:43:47
Алматы
+35°

Қателесудің бәрі танымның дұрыс болмауынан келіп шығады. Пенде нені таныса, соны сүйеді дейді. Кімді сүйсе, соның соңында болмақ. Батыста қызмет еткенімде түрме мен сырттағы уахабилер тарихи оқиғаларды таңдай қағып тыңдайтын еді. Артынан олардың ұлттық тарихқа махаббатын байқадым. Олардың бойында қалыптасқан тарихи сана, олардың отанға, жерге, ұлтқа деген махаббатына себеп болды. "Салафилер тарихты сүймейді" дегенге келіспеймін. Тегі пенде ғой, олардың. Таныта алмай жүрміз. Өз тегінен шыққан ата-бабалары туралы айтсаң, олардың жаны елеңдейтінін байқадым. Сөйтіп, солай, олардың ата - бабасындағы бір тұлғаға деген махаббатын ояту арқылы, тұтас қазаққа жанын бұрасың. Одан келіп рухқа деген махаббаты басталады олардың. Рухқа деген махаббаттары Аллаға деген махаббатқа ұласады (Себебі қалыпқа сыймайды). Олар Алланы сүюдің орнына, Алланы қаһарлы деп үрейленіп қателеседі. Негізі бұл екеуі тең болуы керек сана таразысында. Олардың Аллаға деген танымын біз тарих арқылы алып шығамыз. Уахабилердің санасындағы тартымдылық кеңістігін алмастыру дегеніміз осы.

Бізге ешкімге еліктеудің қажеті жоқ. Тарихи жолымыз бар. Соны жаңа көзқараспен жаңғыртсақ болды. Бірақ мемлекет ол жолға ғылыми жолмен келу жағынан кешеуілдеп жатыр. Сол баяғы елден кешігу ғой, біздікі. Содан басқа жұрттардың мәдениетін қабылдап. олармен күресіп кетеміз. Себебімен күресудің орнына, қайтадан салдарымен күресіп кетеміз. Бұл бір орында тұрған арбаның дөңгелегі сияқты тірлік.

Еріншектік ақылдың тонынан өте алмайтынын білген соң, адамға сабырдың тонын жамылып келеді дейді. Өкінішке қарай, бізде сабыр деген еріншектік басым.

Бізге айтыс-тартыстан гөрі, ортақ идеяға қызмет ету маңызды!

Жарас Ахан, тарихшы-дінтанушы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір