• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

20 Мамыр, 2019 NEWS

Huawei смартфондарында Android операциялық жүйесінің жаңартулары тоқтатылады

АҚШ-тың Сауда министрлігі қытай компанияларын қара тізімге енгізуге ниетті екендіктерін хабарлағаннан кейін осы шешім шығып отыр ....

Google басшылығы Huawei Technologies компаниясымен серіктестік орнатудан бас тарту туралы шешім шығарды. АҚШ-тың Сауда министрлігі қытай компанияларын қара тізімге енгізуге ниетті екендіктерін хабарлағаннан кейін осы шешім шығып отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РБК  сайтына сілтеме жасап.

Бұл дегеніміз, Huawei алдағы уақытта Android операциялық жүйесінің жаңартуларына қолжеткізу мүмкінділігінен айырылады. Ал смартфондардың жаңа үлгілерінде  Google Play Store және Gmail бағдарламалары болмайды.

Сонымен қатар, Huawei смартфондарының кейбірі Android жүйесін пайдалана алады. Ол тек ашық дереккөздерде сақталған нұсқасында ғана мүмкін болмақ. Ал техникалық көмекке қытайлық компания жүгіне алмайды.

Google компаниясы, аталған қосымшалар бұрыннан бар Huawei смартфондарының қолданушылары оны ары қарай да тұтына беретінін ресми түрде мәлімдеді.

Reuters атап өткендей, Huawei-ге қатысты жағдай АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық қақтығыстың жалғасы болып отыр. Вашингтон өз талаптарымен Пекинді жаңа сауда келісіміне қол қойдыруға үгіттеп жатыр. Алайда қазіргі таңда екі жақ бітімге келген жоқ.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір