• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:20:48
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 Саясат

Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді

Ал сізге адамдарды әлі күнге дейін төлқұжат пен тілге бөлетініңізге алғысымыз шексіз, Олег мырза!

Жоғары Рада депутаты және Радикалдық партияның көшбасшысы Олег Ляшко ұлықтау рәсімі кезінде Владимир Зеленскийдің сөзін бөліп, оған қарсы келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Зеленский Донбасс жайлы тақырыпқа ауыса бастаған кезінде  орыс тіліне аусқан. Президент ресми Киев Қырым мен Донбасс жерінен айрылғанын және оны қайтару үшін ешқандай әрекет жасамағанын айтты. Осы кезде Ляшко президенттің сөзін бөліп, "Рада депуттаттары украин тілін түсінеді",- деп бар дауысымен айқайлаған.

Зеленский: "Олар орыс тілін де, украин тілін де түсінеді. Ал сізге адамдарды әлі күнге дейін төлқұжат пен тілге бөлетініңіз үшін алғысымыз шексіз, Олег мырза!", деді.

20-мамыр Киевте жаңа президент Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсімі өтті. Онда  Виктор Януковичтен басқа бұрынғы президенттердің барлығы да болды.

Президент сөз арасында: "Жаман адам болады, ұлттың жаманы болмайды",- деп қысқа қайырды.

Оқи отырыңыз: Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір