• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

20 Мамыр, 2019 Саясат

Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр

Ол 2024 жылы болатын келесі президент сайлауына міндетті түрде қатысатынын айтқан.

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко саясаттан кетпейтінін және елдің жаңа президенті Владимир Зеленскийге көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Корреспондент.net сайтының мәліметтеріне сүйеніп. 

Ол бұл туралы Die Welt басылымына берген сұхбатында мәлімдеген. Украинаның экс-президенті саясатты тастау ойында жоқ екенін, 2024 жылы болатын келесі президент сайлауына міндетті түрде қатысатынын айтқан.

«Иә, мен саясатта қаламын және жаңа басшыға кеңес беріп, көмектесуге дайынмын. Әрине ол менің бұл ұсынысымды қабыл алса», - деді бұрынғы президент.

Және оның келесі 2024 жылғы сайлауға қатысудағы негізгі мақсаты билікті ұстап қалу емес екендігін, керісінше Украинаның жетістігін нығайтуға бар күшін салатынын атап өтті.

«Мен осы күнге дейін еліміз қол жеткізген белестерді осыдан 100 жыл бұрынғыдай жоғалтып алмас үшін  барымды салғым келеді. Біз сол кезде тәуелсіздігімізді жоғалтып алдық, 1932-33 жылдары болған аштықтан украиналықтардың тең жартысы көз жұмды, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қырылдық, украиналық патриотизмді жойып жібергілері келді. Құдайдың қолдауымен, алдағы уақытта біз ондай жағдайларға жол бермейтін боламыз», - деп мәлімдеді экс-президент Порошенко.

Сонымен қатар, Порошенко президент болған кездегі жетістіктерімен бөлісіп, өзінің президент болғанына мақтанатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз:

♦ Ұлықтау рәсімінде Зеленскийдің сөзін бөлді

♦ Зеленский “кет” деді. Кетті!

Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес

Дайындаған: Маржан Сәбет

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір