• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:22:29
+35°

20 Мамыр, 2019 Саясат

"Бәріне қарсымын": Біздің елдегі сайлауда неге осындай таңдау жоқ?

Гуминскийдің айтуынша, кейбір елдер шынында да сайлау бюллетендерінде "Бәріне қарсымын" деген графаны алып тастаған.

Алдағы сайлауда дауыс берушілерге берілетін сайлау бюллетендерінде "Бәріне қарсымын" деген графа болмайды. Сұрақтың жауабын ТМД атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский түсіндіріп берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл графаның жоқтығына келсек, сайлауға бару немесе бармау – азаматтардың өз еркі. "Сайлау туралы" заңда жазылғандай, сайлау еркін өтеді, біреу біреуді сайлауға баруға мәжбүрлей алмайды. Бұл – азаматтардың жеке құқығы. Халық өзі біледі, бара ма, бармай ма?! Сондықтан сайлауға барып тұрып, "бәріне қарсымын" деп дауыс беріп кеткеннен елге пайда жоқ. Бұл – енді менің жеке пікірім, бұл пікірімді одан әрі өрбітпей-ақ қояйын, өйткені ол енді саяси аспектке ауып кетеді. Ал біздің миссиямыз түрлі саяси моменттерден аулақ болу", – деді ол.

Гуминскийдің айтуынша, кейбір елдер шынында да сайлау бюллетендерінде "Бәріне қарсымын" деген графаны алып тастаған.

"Мысалы, Беларусьте "Бәріне қарсымын" графа әлі де бар. Кей елдерде ондай жоқ. Әр елдің өзінің ұлттық ерекшеліктері болады, біздің оған араласуымызға құқымыз жоқ", – деді ТМД миссиясының өкілі.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір