• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:03:36
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2019 NEWS

Терминалдың соры болған қарақшылар қолға түсті (видео)

Алматы облысында қарақшылықпен айналасқан қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында қарақшылықпен айналасқан қылмыстық топ ұсталды. Қылмыскерлер төлем терминалдарын ұрлаумен айналысқан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, бұрын түрмеде отырып шыққан 5 ер адам Талғар мен Еңбекшіқазақ аудандарында 2019 жылдың наурыз-мамыр айларының аралығы 9 ұрлық жасады.  

“Топ мүшелері – жас жігіттер. Үлкені – 28 жаста, ал ең кішісі 21 жаста. Барлығы Талғар ауданының тұрғындары. 9 жағдайда да төлем терминалдарын ұрлаған. Бірнеше ұрлық бейнекамераларға түсіп қалды. Олардың қоқысқа лақтырған 2 терминалы заттай дәлел ретінде іске қосылды. Жәбірленушілерге қанша шығын әкелгені есептелуде”, - дейді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

5 күдікті де уақытша изоляторда отыр. Сотқа дейінді тергеу жүмыстары Талғар аудандық полициясының қолында. Сонымен қатар, күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бары тексерілуде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір