• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

21 Мамыр, 2019 NEWS

Баспа үйіндегі дау: ондаған журналист жұмыссыз қалды

Федерация Кеңесінің спикерінің отставкаға кету мүмкіндігі туралы жазғаны үшін "Коммерсантъ" газетінің екі журналисті жұмыстан шығарып жіберді

Ресей Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенконың отставкаға кету мүмкіндігі туралы жазғаны үшін "Коммерсантъ" газетінің екі журналисін жұмыстан шығарып жіберді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Интерфакс сайтына сілтеме жасап.

Осыны естіген әріптестері ниеттілік білдіріп, газеттен кету туралы шешім қабылдады.

“Мен "Коммерсантъ" баспа үйінен кету туралы шешім қабылдадым. Акционердің шешімі бойынша Ресей Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенконың отставкаға кету мүмкіндігі туралы жазған Максим Иванов менімен бірге баспа үйінен кетеді”, - деп жазады журналист Иван Сафронов өзінің Facebook парақшасында.

Бұл туралы саясат бөлімінің редакторы Максим Иванов та жазды.

Осыдан кейін басылымды тастап кету туралы Бас редактордың орынбасары Глеб Черкасов хабарлады. Черкасовпен саясат бөлімінің 11 журналисі кету туралы ниет білдірді.

Черкасовтың айтуынша, “акционердің кадрлық шешімі бойынша келіспегендер жұмыстан кетті”.

"Коммерсантъ" баспа үйінің бас редакторы Владимир Желонкинің мәлімдеуінше, екі журналисті жұмыстан шығару себебі – "Коммерсантъ" басылымының ережелерін бұзды. Әрі қарай Желонкин сөз айтудан бас тартты. Сонымен қатар, баспа үйіндегі дереккөздердің айтуынша,  екі журналистпен “қоштасу” жанжалсыз өтті. Бірақ бірнеше журналист редакциядан шығу туралы ниет білдірді.

17-сәуір күні шыққан "Спикеров делать из этих людей" атты мақала "Коммерсантъ" акционерлерінің наразылығын туғызды. Бұл мақалада Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенконың отставкаға кетіп, “Зейнетақы қорын” басқаратыны туралы айтылған.

Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір