• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:09:57
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 NEWS

Кемеровада Hyundai және Skoda автосаландары өртке оранды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лайф сайтына сілтеме жасап.

Видеода көрініп тұрғандай, жалын ғимараттың шатырына дейін жетті. Бірақ түгелдей қара түтін астында қалған ғимарат бұзылды.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. Өңірдің ТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мың квадрат метр отқа оранды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Ғимаратта сарапшылар өрт себебін анықтауда.

Естеріңге сала кетейік, 2018 жылдың 25 наурызда 4 қабатты «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт болды. 60 адам көз жұмды. Оның көбі – балалар. Өртте көз жұмғандардың біразы жоғары қабатта орналасқан кинотеатрдан шыға алмай қалған.

Аударған: Ильдар Адильченов

Оқи отырыңыз: Кемеревода "Зимняя вишня"-дағы өртке қатысты сот ісі басталды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір