• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:18:08
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 NEWS

Украинада есірткі заңдастырылмақ

Владимир Зеленский елде марихуананы, жезөкшелік пен құмар ойын орталықтарын заңдастыру мәселесін көтерді

Украинаның халық депутаттарының басым бөлігі заңды жобаға қылмыс деп танылған каннабис есірткісін тіркеу керектігін қарастырып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме бере отырып.

Парламент «Украина мемлекеттік адамның өмір сүру құқығын қамтамасыз ету туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын тіркегені айтылды. Бұл заң жобасы бойынша, марихуананы медициналық қажеттіліктерге қолдану қылмыс болып саналмайды.

Агенттіктің мәліметіне сүйенсек, жаңа заң жобасын 100-ден астам халық депутаттары қолдады.

Естеріңізде болса, осыған дейін Украина президенті Владимир Зеленский елде марихуананы, жезөкшелік пен құмар ойын орталықтарын заңдастыру мәселесін көтерген еді.

Оқи отырыңыз: Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір