• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 04:20:33
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

21 Мамыр, 2019 Әлемде

Тұрғындарының ортақ құпиясы бар әлемдегі 9 елді мекен (фото)

Әйелдердің барлығы чепец (бас киім) киіп жүреді. Боянуға, шаш қиюға, әшекей тағуға тыйым салынған. Үйлену тойынан кейін ер адамдар сақалын қыруына болмайды.

"Жер бетінде бөгде ғаламшарлықтар өмір сүреді-ау" дейтіндей ғажайып жерлер баршылық. Олардың салт-дәстүрі, тұрғындарының өзі, өзіндік ерекшеліктері бір төбе. Ол жерлердің тұрғындарын біріктіріп тұрған ортақ бір құпия бар секілді. Ендеше, құпияны бірге ашайық. 

1.Ергежейлілерге арналған патшалық (Қытай)

ергежейлілер қалашығы

Ерекше жаратылған жандарға біздің әлемде өмір сүру оңай емес. Бірақ Куьнминға таяу маңда ертегідегі патшалық бар. Ол ғажайып мекенді Чень Минцзин салған. Сөйтіп, бүкіл әлемдегі ергежейлі адамдарға осында көшіп келуге ұсыныс тастады. Бүгінде мұнда 19 бен 48 жас аралығындағы 125 адам өмір сүреді.

ергежейлілер қалашығы

Бұл патшалық тұрғындары ергежейлілердің, перизаттар мен эльфтердің, ханшайымдар мен күзетшілердің ерекше ашық түсті киімдерін киеді. Ағашқа немесе саңырауқұлаққа ұқсайтын үйлері бар. Жақын маңнан барлық жиһаз бен техникаларды арнайы тапсырыспен жасап қойған жатақханаларын да  байқайсыз. Мұнда оларға ешкім күлмейді. Бұл жер оларға өте жайлы.

Сонымен қатар, мұнда бәрінің де жұмысы бар. Олар саяхатшыларға патшалықты таныстырып, экскурсия жасауға көмектеседі. Ал демалыс күндері үй шаруасымен айналысып, покер, волейбол ойнайды, ағылшын тілінің тегін курсына қатысады.

ергжелейлілер қалашығы

Ергежейлілердің бұл жерге тұрақтануына қатысты "үлкен адамдардың" сөз таластыруына қарамастан, ергежейлі жандар өз өмірлеріне риза. Олар өздерінің жайлы әлемінде өмір сүріп жатыр. Мұнда үйлері, жұмыстары, өздеріне лайықты етіп салынған мектеп, емхана, дәмхана, гүл дүкені де бар. 

2.Пираха үндістері - ең бақытты тайпа

Пираха үндістері

Амазонка тармағында өмір сүретін тайпаны "ең бақытты адамдар" дейді. Олар санауды білмейді, есесіне, 2 тал — «біраз» және «көп», 2 түс — «ақ» және «қара» деген ұғымдары бар. Сағат пен күнтізбе дегеннің не екенінен хабарсыз. Күніне 1–2 рет тамақтанады. «Ұзақ ұйқы»  күшімізді сарқымасын деп, күні бойы ара-арасында 20 минуттан ұйықтайды.

Оларда туыстықтың тек 3 дәрежесі бар: бала, ата-ана, аға, әпке. Мұнда ешқандай нұсқаулық жоқ. Бірақ ешкім ешкімді тонамайды, ешкімді өлтірмейді.

Жеке меншіктері жоқ, ешқандай діндарлардан білім алмаған. Тілдерінде 3 дауысты, 7  дауыссыз дыбыс бар.

Пираха

Пираха тайпасы бақытты. Түнімен ән салады. Ұйқы мен шынайы өмір бірдей маңызды деп есептейді. 7 жылда бір рет есімдерін өзгертіп отырады. Олар мыңдаған өсімдік пен жануарлардың атауын біледі. Балалары ойыншықпен емес, ағаштармен, гүлдермен, иттермен ойнайды.

3.Икария — ұзақ өмір сүретіндер аралы

Икария

Икарияның әрбір үшінші тұрғыны 90 жасқа дейін өмір сүреді. Ал қалған екеуі жүз жасқа жетеді. Бар құпия Эгей теңізіндегі аралдың табиғатында, 8 емдік қайнар көзде,  сонымен қатар, саяхатшылардың көп бармайтындығында. Алайда, мұнда жалғыздықты сезінбейсің. Себебі, бұл аралда 10 мың оптимист өмірінің соңғы күндерін бақытты өткізіп жатыр.

Мұнда Альцгеймер мен «жасқа байланысты кездесетін» ауруларды білмейді. Тіпті мұнда «өлу үшін» сонау АҚШ-тан Стаматис Мораитис деген азамат келген. Оған дәрігерлер "тоғыз ай өмірің қалды" деген. Мораитис Отанына отбасымен бірге 1976 жылы оралып, 37 жыл өмір сүрген.

икария

Икарияда адамдар асықпайды. Шамалары келгенше жұмыс істейді. Тауға шығады, өз бақшаларының жеміс-жидегін жейді. Зәйтүн майын, ашытылып пісірілген нанды, ешкінің сүтін, шөптен қайнатылған шайды жақсы көреді.

икария

Ал кешке қарай көршілерімен бірге шарап ішіп, көңілді отырады. 101 жасқа толған әжені туған күнімен құттықтап, ұзақ өмір сүру құпиясы не дегенде «Біз жай ғана өлуді ұмытып кетеміз!» деп жауап берген екен.

 4.Кандиду-Годой —«Егіздер мекені»

кандиду годой

Жер бетінде егіздер туу жөнінде көшбасшы — Бразилиядағы Кандиду-Годой. Мұнда бір ауданның өзінде 80 отбасында 44 жұп егіз бар. Тұрғындардың көпшілігі Германиядан келген. Олар Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде көшіп келе бастаған.

Бұл құбылыс туралы 1990-жылдары белгілі болып, әртүрлі елден журналистер келе бастады. Жергілікті билікке бұл үрдіс ұнап, олар қалаға «Егіздер мекені» деген атау берді. Сөйтіп, көрме, мұражай ашып, «Құнарлылық қайнар көзі» деген ескерткіш орнатты.

Бұл құбылысқа ғалымдар әртүрлі болжам айтты. Бірі су ерекше, енді бірі аймақ оқшауланған десе, нацистік дәрігер Йозеф Менгел генетикалық тәжірибе жасап көрді. "Дәрігер мал дәрігерімін" деген кейіпте осы аймақта түнеген екен. Дәл сол кезде егіздердің жаппай тууы белең алған.

кандиду годой

Бұл жердегі мұғалімдерге өте қиын дейді. Себебі, егіз оқушылар сыңары  үшін жауап беріп, қулық жасайды екен.

5.Вадома тайпасы — «түйеқұс адамдар» 

вадома тайпасы

Бұл тайпа адамдарында аяқтың сирек кездесетін генетикалық ауруы— эктродактилия байқалады. Ортаңғы үш саусақтың жоқтығынан бұл адамдарды «түйеқұсаяқты» атап кеткен. Ғалымдар бұған тайпадан тыс өзге тайпа өкілдеріне тұрмысқа шығуға тыйым салынған «көне заңдары» себеп дейді.

вадома тайпасы

Отбасында 2 баласы — бес саусақты, ал 3 баласы — екі саусақты отағасы: «Бала кезде өзімді ерекшемін деп ойлаған емеспін. Анам да, өзге жолдастарым да екі саусақты болатын. Ешқашан жайсыздықты сезінген жоқпын. Белсенді болдым. Тіпті Франсистаунға дейін жаяу баратынмын» - дейді.

6. Амиши. Уақыттан тыс өмір

амиши

Амиши — протестант-пацифистер. Бұл ұйымның негізін қалаған Якоб Амман сыртқы әлеммен қарым-қатынасты шектеуді жақтады. Бірақ Людовик XIV «католик еместерге» қарсы шығып, оларды қуа бастады. Сөйтіп, амишилер мұхит асып, Жаңа Сәуле іздеп кетті.  

Бүгінде АҚШ бойынша және Канада да мұндай жерлер өте көп. Олар қолдарына қару алмайды, салық төлемейді, мемлекеттен көмек қабылдамайды. Негізгі шаруашылығы — мал шаруашылығы мен көлөнер.

амиши

Ескі салтты ұстанатын амишилер барлық ережені сақтайды: көлік айдамайды, жерді соқамен жыртады, электр, телефон, компьютер пайдаланбайды. Тоңызқыштың орнына мұз салынған қораптарды пайдаланады. Ал жаңа дәстүр амишилері комбайн мен телефонаннан бас тартқан жоқ.

Әр отбасында әдетте бес бала болады. Әйелдердің барлығы чепец (бас киім) киіп жүреді. Боянуға, шаш қиюға, әшекей тағуға тыйым салынған. Үйлену тойынан кейін ер адамдар сақалын қыруына болмайды.

амиши

Балалар 8-сыныпқа дейін оқиды. 15 жаста румспринг кезеңі басталады. Жасөспірімдер ережені бұзып, елдімекеннен кетіп қалуына болады. Олар ішімдік ішіп, шылым шегіп, сәнді киімдер сатып алады. Содан кейін  жастардың 90% қауымда қалуға шешім қабылдап, шоқынады.

амиши

Бүгінгі таңда бұл қауымға қызығушылық артты. Тіпті өмірді жақын тану үшін Нью-Йоркке аттанған амиши жастары туралы реалити-шоу да түсірілді. Фастфудтан шаршаған америкалықтар  амиш-базарларға жиі бас сұғатын болған. Ол жерден зиянсыз көкөністер, жеміс-жидектер, тосап, әртүрлі піскен тағам түрлері мен әдемі қолөнер бұйымдарын сатып алады.

  1. «Еркін суретшілер» (АҚШ, Арден ауылы)

еркін суретшілер1900 жылы екі дос — мүсінші Фрэнк Стивенс мен сәулетші Уилл Прайс — Делавэреде жерді жалға алып, арт-ауылдың негізін қалады. Мұнда ниеті бар кез келген жанды табиғаттағы алаңсыз өмір, тәуелсіз еңбек және жерге ортақ салық күтіп тұрды.

еркін суретшілер

Еркіндікті қалаған суретшілерді, музыканттарды және жазушыларды бұл ой өзіне еліктірді. Сөйтіп, туындыларын сату арқылы «өнер ұйымдастығы» дами бастады. Арден тұрғындары өздерін "джорджизм өкілдеріміз" деп біледі. Әр адам өз еңбегінің жемісін жейді, ал табиғаттың игілігі бәріне ортақ.

еркін суретшілер

Ауыл қуаныш мекеніне айналды. Мұнда саяхатшылар көрмелерге, фестивальдерге қатысып, ардендықтардың ерекше туындыларын сатып алу үшін, ортағасырдағы ағылшын стилінде салынған үйлерді тамашалау үшін келеді.

8. Хогвей. Қарт кісілерге қамқорлық жасайтын «Труманның шоуы»

хогвей

Жанға жайлы «ауылда» үйлер, дүкендер, дәмханалар мен алаңдағы субұрқақтар бар. Тек оның тұрғындары — деменция (алжу) ауруымен ауыратын «адамгершілік емханасының» емделушілері. Ғалымдардың айтуынша, 2030 жылға қарай осы ауру белгілері 65 миллион адамда болуы әбден мүмкін.

Хогвей тұрғындары өз аурулары мен жалғыздықтарын мүлдем сезінбейді. Әрбір пәтер-шатырда 5–6 адам тұрады. Оларға сатушы, шаштараз, өзге де қызметкерлер кейпіндегі арнайы мамандар қамқорлық жасайды.  

хогвей

Бәрі де қарттардың ауылдан тысқары шықпайтындай етіп ұйымдастырылған. Бірақ еш жерден ақ халатты дәрігерлерді таппайсыз. «Біздің бір ғана мақсатымыз бар: бұл қарт кісірлерге қарапайым өмір сүруге мүмкіндік беру».

Серуендеп, сауда жасағаннан басқа Хогвей тұрғындары велосипед  теуіп, сүйікті істерімен шұғылдану үшін клубтарға барып, музыка, сурет өнері, бау-бақшаға күтім жасап, аспаздықпен айналысуларына болады. Сонымен қатар, еңбек терапиясы бар. Ол жерде кір жууға, тамақ пісіруге немесе қандай да бір шаруада көмектеседі.

Шатыр қарт кісілердің есінде қалған 70- 90 жылдардағы интерьердей безендірілген. Тағамды ысытып беретін жылжымалы асхананың арқасында тағамды үйде дайындайтындай көрінеді.

хогвей

Мұндай керемет жобаға сын айтатындар да баршылық. Бірақ қарт кісілер туралы ойлатындар тұрғындарының өз «ауылдарын» ерекше жақсы көретінін байқайды. Тәбеттері ашылып, еш қарсылықсыз әңгімелесіп, дәріні аз мөлшерде қолданады.

9. Финка Беллависта / «Ағаштардағы жұмақ» 

финка

Коста-Рикадағы "трихауз-мекеннің" тарихы өте қызықты. Күндердің бір күні жас жұбайлар Эрика мен Мэтт Хоган кесіп тастау қаупі төнген джуглидің 600 акр аумағын сатып алады. Олар орманда үй тұрғыза бастады. Сөйтіп, олардың қатарына ашық табиғатта өмір сүргенді ұнататын жақтастар қосыла бастады.

финка

Осылайша, 10 жыл ішінде Тынық мұхитының таяу маңында экоауыл пайда болды. Мұнда күн батареясын, көміртексіз электр жүйесін пайдаланып, жаңбыр суын жинайды, көкөніс, жеміс-жидек өсіреді. Қоқыстар қайта биоөңдеуге жіберіледі.

финка

Эриктің айтуынша мұндағы үйлер қар секілді әртүрлі. Терезеден керемет көріністі тамашалай аласыз. Қоғамдық көліктің орнына тұрғындар керілген арқанды пайдаланады. Ағаштағы үй қожайындары үйлерін жалға береді. Саяхатшылар жанға жайлы бөлмеге орналаса алады. Сонымен қатар, асхана мен Wi-Fi бар.

Айтпақшы, ағаштағы адамдар жануарлар әлемінің де қызығушылығын арттырып жатыр. «Адамдар қаншалықты көп болып, шуласа, құстар, жануаларлар да соншалықты көп жиналады». Мэтт пен Эрик: «Бұл жерді салар кезде инвесторларды емес, жүрегіміздің қалауына құлақ түрдік. Бастапқы ойымыз өзгерелерді де шабыттандырды»,-дейді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір