• USD 416.91

  • EUR 446.47

  • RUB 7.34

  • CNY 62.53

25 Мамыр, 05:47:27
Алматы
+16°

21 Мамыр, 2019 Саясат

Тоқаев: Халық өкілдері бюджетті жоспарлауға қатысуы тиіс

Әкімдерге айтарым, жемқорлықты түбегейлі жою - сіздердің жұмыстарың

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында Қазақстанда жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтқан Тоқаев оны шешу үшін билік жеті негізгі шара ұсынып отырғанына тоқталған.

Сонымен қатар, президент өзінің ұстанымы ретінде бюджет шығындарын жоспарлауға халық өкілдерін қатыстыру екенін айтып, бұдан ел экономикасы дамып, тиісінше, халықтың әл-ауқатының артатынына сенім білдірген.

"Әкімдерге айтарым, жемқорлықты түбегейлі жою - сіздердің жұмыстарыңыздың негізгі көрсеткішінің бірі. Оған сіздер тікелей жауаптысыздар. Әрбір елді мекеннің өз бюджетіне қарай төртінші деңгейлі бюджет құруды аяқтау керек. Менің Президент ретіндегі ұстанымым бюджет шығындарын жоспарлауға, әсіресе өңірлерде халық өкілдерін қатыстыру керек. Бұдан ел экономикасы дамып, тиісінше, халықтың әл-ауқаты артады", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, жиында Тоқаев "егер қол астындағы жұмысшысы парамен ұсталса, мемлекеттік органдардың басшылары жұмыстан кетуге өтініш жазуы тиіс" деді.

Тоқаевтың айтуынша, отставканы қабылдау немесе қабылдамау - президенттің шаруасы, бірақ басшылар жұмыстан кету туралы өтініш жазуы міндет.

Дайындаған: Мият Кәшібай

 

Zhazira Baidaly

Шымкентте туған Қостанайдың қызы. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің журфагының түлегі. Астанадан Алматыға "Айтуға оңай" үшін ұшып келген қыз. Алаш-орданың 100 жылдығына орай "Ақ жол" партиясы табыстаған арнайы медальдің иегері. Жер жарған атақ-даңқы жоқ, әзірге..)

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір