• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

21 Мамыр, 2019 NEWS

Өзге оқушының орнына жарысқа барған 15 жастағы бала қаза тапты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың өліміне жүрек талмасы себеп болған деп мәлімдеме жасады.

Ақмола облысында спорттық бәсеке барысында Көкшетау қаласынан келген 15 жасар бала қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, оның қазасына жүрек талмасы себеп болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға "Алау" әскери-спорттық ойындары өткізіліп жатқан "Звездный" балаларды сауықтыру орталығының аумағында орын алған. Эстафета кезінде №4 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы мәреге жете алмай құлаған.

Облыстық дене шынықтыру диспансерінің дәрігері Қанат Құсайынов балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, бала жедел түрде Щучинск қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жинай алмаған күйі дүниеден өткен.

"100 метр қашықтыққа жүгірген спортшылардың бірінің құлап қалғанын көрген бойда оған алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Жүрек тұсын уқалап, жасанды деп бердім. Артынша арнайы көлікпен аудандық ауруханаға жеткіздік. Жол бойы раенимациялық шараларды көрсетіп бардым", - дейді Қанат Құсайынов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың өліміне жүрек талмасы себеп болған деп мәлімдеме жасады. Ал ІІМ қызметкерлері аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстарын және медициналық сараптама жүргізіп жатыр.

Бізге белгілі деректерге сүйенсек, №4 мектептің жарысқа баратын командасында алғашында басқа бала болыпты. Бәсеке болатын күні ол белгілі бір себептермен додаға келе алмай қалады. Қаза тапқан бала сол оқушының орнына қатысқан екен. Сондай-ақ, №4 мектептің әскери жетекшісі бұл жарысқа келмей, оның орынына көкшетаулық басқа мектептен жас мұғалім оқушыларды жарысқа алып келіпті.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір