• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

21 Мамыр, 2019 NEWS

Ақтөбелік жұмысшының жалқаулығы қолданушыларды күлкіге қарық қылды (Видео)

Бейнематериалда жол жиегінде ағаш діңінің көшеге қарайтын беті боялып, қалған беті сол қалпы қалғаны көрінеді.

Ақтөбе тұрғындары коммуналдық қызметкерлердің ерекше "жұмысын" байқап қалып, оны түсіріп алады. Бейнематериалды желіге жүктеген бойда әлгі жұмысшылар тез арада танымал бола бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Спутник сайтына сілтеме жасап.

Желіде жарық көрген бейнематериалдағы жұмысшылардың жалқаулығы қолданушылардың бір парасының ашуын туғызса, екінші бір топ олардың тапқырлығына күлісіп жатты.

Бейнематериалда жол жиегінде ағаш діңінің көшеге қарайтын беті боялып, қалған беті сол қалпы қалғаны көрінеді.

Жағдайға қатысты учаскенің шебері пікір білдірді. Оның айтуынша, осыны жасаған қызметкер демалыс күні жұмыс жасағысы келмей, тапқырлыққа басқан.

"Бұл видеодағы уақыт – жұмыс уақытының аяқталған кезеңі. Шынын айтқанда, оның жалқаулығынан туды бұл ой. Ол жұмысты жылдам бітіріп, үйіне қайтқысы келген", - деді шебер Андрей Коломийчук.

Шебер әлгі қызметкермен сөйлескенін және оған жауапты болуды мықтап тапсырғанын айтады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

ул.Тургенева Все делается для показухи #zello_aktobe

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір