• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

21 Мамыр, 2019 Саясат

Журналист: Еуроодақ Ресейдің әскерінен емес, саяси ықпалынан қорқады

Сол себепті де, Батыс елдерінде антиресейлік саясат жүргізіледі, шетсіз-шексіз санкциялар салынады.

Чехиялық журналист Батыс елдерінің Ресейді не себепті жек көретіндерін талдап жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы журналист Parlamentní Listy баслымында жазған.

Журналист Йиржи Кобзаның ойынша, Батыс елдерінің Ресей саясатын құп көрмеуінің басты себептерінің бірі - Еуропа елдері мен АҚШ жойып жіберуге күш салып жүрген дәстүрлі құндылықтардың Ресейде сақталып қалуы. Ресей халқы әлі күнге соғыс құрбандарын еске алуды, Жеңіс күнін тойлауды ұмыт қалдырған емес. Халық ұлттық дәстүрге берік әрі жас ұрпақты барынша ұлттық құндылықтарды бағалауға баулиды. Сонымен қатар, ресейліктер гей-парадтар мен есірткіні заңдастыру туралы шерулерге шыққан емес.

Журналист еуропалық телеарналар мен БАҚ-тан "Ресейден төнетін қауіп" туралы, Ресейдің қоғамдық санаға кері әсер ететіні туралы көптеген мақалалар мен үндеулерді көп кездестіретінін атап өтіп, Батыс елдерінің Ресейге қарағанда әлдеқайда орынсыз саясат жүргізетінін, тек бұған ешкімнің баса назар аудармайтынын да тілге тиек етті.

Батыс елдері шын мәнінде Мәскеудің әрдайым тарихи сана мен отансүйгіштікті қолдайтын саясат жүргізуінен қорқытады. Бұл идеология Еуроодақ пен АҚШ үшін қолайсыз.

"Отан, барлығы бейбітшілік әрі келісім негізінде тау-тәтті өмір сүріп жатқан халықтар федерациясы, Ресейдің қарапайым халқы үшін үлкен мәнге ие", - деп жазды журналист.

Ресейде шет елдер арқылы қаржыландырылатын, саяси бағдарламаларымен "қоғам арасына іріткі" салатын бағдарламалардың болмауы да елдің бір жақты саясат жүргізуіне де ықпал етеді.

"Мәскеу Батыс елдеріне көптеген саясаткерлер қайталаудан жалықпайтын әскери қуатымен емес, сауатты жүргізілетін ұлттық идеологиясымен, тарихи санаға қатаң бекінген саясатымен қорқыныш туғызады. Сол себепті де, Батыс елдерінде антиресейлік саясат жүргізіледі, шетсіз-шексіз санкциялар салынады. Бұл үдеріске қарсы шығып, басқаша пікір білдірген адамның  автоматты түрде "Кремль тыңшысына" айналып кететіндерінің басты себебі де осыда жатыр", - деп атап көрсетеді Кобза.

Дайындаған: Дәурен Сыбанбай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

5 пікір

Далагуль 24 Маусым, 2019

Оқ-- дəрі склад болса,онда улы газды зат, хлорка болу мүмкін! Армияда оны қолданады как хими ялық оружие или химическая атака жасау ушін! Хлордан тек масқа мен пртивогаз бен тірі қалу мумкін! Өйткені күйдыреды тынысты! Оқ дəрі болса, ол улы газ хлорка ғой! Одан тек маскамен дем алалады тірі жан!Туншықтырады тірі жанды! Хаупты!!!

Куанышбек 24 Маусым, 2019

Отан коргайтын азаматсын несине козине жас аласын еркек емессизба. Аллам амандыгынды берсин. Жасым а бауырым.

Роза 25 Маусым, 2019

Уят жасадын сарбаз.Казахстаннын сарбаздарын алсиз кылып корсетпе.Саган сенип отырган артындагы халкын кайтеди сонда.

Самат 25 Маусым, 2019

блять позор бір жыл служба мед еніреп бәр әлемге елдің көтін ашып ауғанстанға ағаларымыз сияқты барсаң не болды бұтыңа тышып қоярсың дабай

Самат 25 Маусым, 2019

тормоз