• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:30:34
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 NEWS

Өлі күйінде табылған қыздың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр

Полиция «суицид» жасады деп болжаған қыз бауырларына үнемі бас-көз боп жүріпті. Олардың айтуынша, қалаға қатынап оқып жүрген студентке әлдебіреулер қиянат...

Алматы облысында бір апта бұрын жоғалған 18 жастағы студент өлі табылған болатын.  Оқиға орнын тексерген тәртіп сақшылары ол өз-өзін өлтірді деген болжам жасап отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Себебі, асылған күйі табылған бойжеткеннің денесінде бірде-бір зорлық іздері болмай шыққан. Дегенмен, қыздың ауылдастары полициямен келіспейді. Олардың айтуынша, қалаға қатынап оқып жүрген студентке әлдебіреулер қиянат жасаған болуы мүмкін.

Талғар ауданындағы өзі тұрған Белбұлақ ауылынан Алматыға емтихан тапсыруға шығып кеткен қыздың денесі бір аптадан соң таудан табылды. Полицияның алдын ала мәліметіне қарағанда, Айгүл Амангелді онда өзі барып асылған.  

Десе де, қыздың аласа тау баурайында қалай асылып қалғанын тәртіп сақшылары нақты ашып айтпай отыр. Тіпті, қыздың таксиге отырғаны, не отырмағаны да белгісіз. Белгілісі сол, мәйіті ауылдан алыс емес жерде табылған. Ал жоғалатын күні Айгүл сағат таңғы 9-да үйінен асығып шығып кетіпті. Өйткені, Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінің 1-курс студенті сол күні анатомиядан емтихан тапсыруы тиіс болған. Алайда анасының батасын алып шыққан қыз оқу орнына жетпеген.

Полиция «суицид» жасады деп болжаған қыз бауырларына үнемі бас-көз боп жүріпті. Көпбалалы отбасыдан шыққан бойжеткен 7 перзенттің екіншісі екен. Қалай дегенмен де істің ақ-қарасын сараптама қорытындысы ашып бермек.

Оқи отырыңыз:  
♦ Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды

♦ Алматы облысында өлі күйінде табылған қызға қатысты мәліметтер пайда болды

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір