• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

21 Мамыр, 2019 Шаруашылық

Табиғат тартуы: жаңа туған құралайдың суреттері жарық көрді (видео)

Табиғат тартуы: құралай сұлулығы көпті тамсандырды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жануарлар әлемі мен орман шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған ақбөкен төлінің фото/видеоматериалдарын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Құстар дауысы, жел сыбыры, жаңбыр тамшысы және тып-тыныш ұйықтап жатқан құралай. Бұл - маған ұнайтын көрініс. Жай ғана қалтамнан смартфонымды шығарып, табиғаттың кереметін таспаға тартып алдым", - дейді Сәкен Ділдахмет. 

Сонымен қатар, комитеттің баспасөз хатшысы Ырғыз-Торғай табиғи қорығында орналастырылған фотоқақпандарға түскен ақбөкендердің суретін жариялады. 

"Бетпақдалада төлдету маусымы ойдағыдай өтті. Фотолардан жаңа туған құралай мен желіні сыздаған бөкендерді көруге болады", - деп жазды ол. 

Ақбөкен

Ақбөкен

Ақбөкен

Ақбөкен

Дайындаған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Аноним 24 Қараша, 2016

Давно пора!!! Айтпесе бюджеттин акшасын далага шашкан не сумдык?