• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:22:47
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 NEWS

Түркістан облысында такси жүргізушісін өлтіріп кетті

Әйел жол бойында денесі қанға боялған ер адамды көрген...

Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері такси жүргізушіні өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

2019 жылдың 17 мамырында Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түседі. Әйел жол бойында денесі қанға боялған ер адамды көргенін айтады. Оқиға орнына дереу аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы аттанған.

Куәгерлерден жауап алу барысында жедел уәкілдер күндізгі сағат 16:30  шамасында "Ауди" көлігі жол бойына тоқтап, ішінен денесі қанға малынған жүргізуші қашып шығып, көп жүрмей жол жиегіне құлағаны анықталған. Артынша көліктен жас қыз бен жолаушы шығып, жүргізушіні көтеріп, көлікке қайтадан мінгізген. Содан "бұл жігітті емханаға алып барамыз" деп, Шымкент жаққа қарай жүріп кеткен. Криминалистер оқиға орнынан қан іздерін тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір