• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:36:32
Алматы
+35°

02 Маусым, 2015 NEWS

«Қазақ көшіне» қарсы болғандардың оңғаны жоқ. Арғындықов та қызметінен кетті

Қазақ әу бастан «көш киесі» деген ұғымға биіктен қараған. Арғыны айтпағанда, осы Тәуелсіздіктен бері қазақ көшіне қарсы шыққандардың оңғаны жоқ! Не Көші-қон...

Қазақ әу бастан «көш киесі» деген ұғымға биіктен қараған. Арғыны айтпағанда, осы Тәуелсіздіктен бері қазақ көшіне қарсы шыққандардың оңғаны жоқ! Не Көші-қон комитетінің бұрынғы төрағасы Қабылсаят Әбішевтің кебін киіп келеңсіз күйге түседі, не ақырын басқа қызметке ауысып «құтылады». Естеріңізде болса, күні кеше ғана «Қамшы» порталында талқыланып жатқан «Көші-қон мәселесі» туралы «Көші-қон Заңы туралы кезекті талқы: Елбасы тапсырды, депутаттар қолдады, Үкімет неге қарсы?» атты Ауыт Мұқибектің мақаласы жарық көрген болатын. Онда Президент тапсырмасын Үкіметте жасалып, Мәжілісте талқыланып жатқан "Халықтың көші-қоны туралы" Заң жобасына депутаттар тарапынан айтылған оң ұсыныстарға Дәулет Арғындықовтың тіс-тырнағымен қарсы шыққаны айтылған болатын..

argyndykov

Міне, арада екі күн өткенде, Қазақ көшінің көлікті болуына құлық танытпаған сол шенеунік қазметінен босады. Арғындықовтың алмасуы да Мемлекеттік тілді білмей мемлекеттік қызмет атқарудың «қиындығын», қазақ тілін білмей «Қазақ көшінің» тізгінін ұстаудың мүмкін еместігін білдірсе керек.

bbirjan

Дәулет Арғындықовтың орнына Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов тағайындалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды. Ендігі үміт жаңа басшы – Біржан Бидайбекұлында. Нұрымбетов мырза Елбасы өзі бастаған, нәтижесі қазақ тарихына алтын әріппен жазылатын «Қазақ көшінің» бір бұйдасын ұстады. Іске сәт!!! Біржан мырзаның қызметі «Арғындықовтың ақыры» емес, «Алаштың батыры» деген атқа лайық болғай...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір