• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

21 Мамыр, 2019 Саясат

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырады

Марат Шибұтов, Айдос Сарым, Андрей Моргунов және т.б. Алматы қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары еліміздің өткерген жолы жөнінде, әлеуметтік мәселелердің шешілу жолдары туралы айта отырып, алматылықтар мен қазақстандықтарды сайлауға қатысып өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.Қоғамдық кеңес

Әсіресе үндеуде Алматы қаласы – саяси мәдениеті мен тарихы бар еліміздің мәдени, ғылыми, саяси және экономикалық орталығы болып есептелетіндігі айтылған. Мегаполисте Қазақстан тәуелсіздігінің негізі қаланды.Қоғамдық кеңес

Қазақстан Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жарияланды. Сайлауға қатысатын барлық тараптар мен қатысушыларға үлкен жауапкершілік артылған. Осыған орай Алматы қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындарды 9 маусымда өз конституциялық сайлау құқығын қолдануға шақырады. Әрбір азамат сайлау учаскелеріне келіп өз таңдауын жасау қажеттігін меңзеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір