• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:15:26
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 NEWS

"Тірісінде болмап еді бағалы..."

Ол үлгілі әке бола білді. Әкелерінің ерлік істерін мақтана айтып жүретін екі ұл тәрбиеледі

Нұр-Сұлтан қаласында суға батып бара жатқан қызды құтқару кезінде қаза тапқан әскери қызметкер Ерлан Райымқұлов марапатталмақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев кіші сержант Ерлан Райымқұловты «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды», - деп мәлімдеді ҚР Әуе қорғаныс күштерінің баспасөз қызметі.

Марапатты 22-мамырда Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қарбенов марқұмның әйеліне табыстайды.

"Достары мен әріптестері оны бауырмал және айналасындағылардың мәселесіне бейжай қарамайтын жақсы жан еді деп еске алады. Ол үлгілі әке бола білді. Әкелерінің ерлік істерін мақтана айтып жүретін екі ұл тәрбиеледі", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 10-мамыр күні сағат 12.10-да Есіл өзенінің "Газмашаппаратура" саяжай аумағында орын алған. Суға батқан итін құтқаруға тырысқан қыз баланың өзі де өзенге батады. Өзен жағасында балық аулап отырған ер адам қызды құтқарып қалды. Алайда, 1981 жылы туылған ер адам ағысқа төтеп бере алмай, суға тұншығып көз жұмған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір