• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:42:06
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 NEWS

51 адамды жер жастандырған жауызға қарсы айыптау ісі басталды

Жаңа Зеландияда мешітте адамдарды атқан ер адам қарсы айыптау ісі басталды

Жаңа Зеландияда мешітте адамдарды атқан ер адамға қарсы айыптау ісі басталды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жаңа Зеландияның полиция сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Брентон Таррант 92 қылмыс бойынша: 51 өлім, 40 адамның өміріне қастандық жасау бойынша  және теракт жасады деп айыпталып отыр.

Жаңа Зеландия тарихында алғаш рет ел азаматы теракт бойынша айыпталып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Таррант 14-маусым күні сот алдында жауап береді. Қазіргі таңда ол қамауда отыр. Сонымен қатар, оған қарсы іс қозғау үшін, психологиялық сараптамадан өтуі керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 15 наурызда  Жаңа Зеландиядағы Крайстчерчте (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 51 адам қаза тапты, тағы 50-і түрлі жарақаттар алды. Елдің премьер-министрі бұл оқиғаның теракт екенін айтты. 28 жастағы Брентон Таррант адам өлтіргені үшін айыпталып отыр. Ескерте кетейік, сенбіде сот оны 5 сәуірге дейін абақтыға қамады.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір