• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

21 Мамыр, 2019 NEWS

Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады

«Рамазан ата» өкілдіктен ұйымдастырылатын барлық қайырымдылық шараларына қатысады.

ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкілдігінің бастамасымен Өскеменде елімізде тұңғыш рет «Рамазан ата» жобасы жүзеге аса бастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қасиетті жұма күні «Рамазан ата» Өскемен қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Арнаулы мектеп интернатына» барып, ондағы балғындарға «Рамазан сыйын» үлестіріп, елімізге бейбітшілік тілеп, ақ батасын берді.

Өскемен

«Рамазан ата» – өкілдіктің идеясымен жүзеге асқан, ұлттық құндылықтарды дәстүрлі исламмен үйлестіре дамытып, жастарға танымдық тәрбие беру мақсатындағы жоба. «Рамазан атаны» мекемелер аса жылы ықыласпен қабылдап, қазірдің өзінде арнайы шақыру беріп жатыр»,– деп атап өтті облыстық «Халифа Алтай» мешітінің қызметкері.

Өскемен

Жоба қазақтың дәстүрлі танымын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған. Ата-ұлтымыздың танымында берекеттің, жақсылықтың, игіліктің белгісі. Аяз атаға балама ретінде осындай «Рамазан аталар» шығып, бата беріп, базарлық үлестіріп жүрсе қандай жарасымды болар еді. Осындай сәтті жоба шығыста бастау алып отыр.

«Рамазан ата» өкілдіктен ұйымдастырылатын барлық қайырымдылық шараларына қатысады.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір