• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

22 Мамыр, 2019 NEWS

Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?

Бұл туралы 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен ОСК жиынында айтылды

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қажетті бюллетеньдерді басып шығару үшін 132 млн 742 мың теңге жұмсайды. Бұл туралы 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен ОСК жиынында айтылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосына сілтеме жасап.

Сайлау комиссиясының дерегінше, елдегі сайлаушылар саны - 11 млн 947 мың 955 адам. Ал сайлауға 12 млн 67 мың 475 бюллетень қажет. Бір бюллетень құны - 11 теңге.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат тіркелген.

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір