• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

22 Мамыр, 2019 Дін мен дәстүр

Əйел өліміне себеп болған молда туралы ҚМДБ пікір білдірді

ҚМДБ зина жасаған "имамға" қатысты мəлімдеме жасады.

ҚМДБ Алматы облысын Ескелді ауданында болған оқиға байланысты мəлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазіргі уақытта əлеуметтік желілерде Қадір Əмбияға қатысты таралып жатқан мəліметтерге байланысты ҚМДБ келесі жағдайды мəлімдейді. Əмбия Қадір 2016  жылдың 16 қыркүйегінде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша осы ауылдағы мешітке молда қызметіне тағайындалған. 2019 жылдың 30 сəуірінде өз өтініші бойынша жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта Қайнарлы ауылдық молдасын қызметін атқару өзге адамға жүктелген. Орын алған оқиғаның толық мəн-жайы тиісті құзырлы құқық қорғау органдары арқылы тексерілуде",- делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, 26 сәуірде Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық мешіт имамы Қадір Әмбиеұлының зорлық-зомбылығына шыдамай, өз-өзіне қол салған Нұрғиза Азатханқызының жұбайы Есхат Әйнекбекұлы президентке видео жолдады.

Оқи отырыңыз: 

♦Алматы облысында имам зина жасап, отбасылы әйелді өлімге душар етті (видео)

Дайындаған: Əсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

11 пікір

ерасыл 16 Ақпан, 2018

коп жер кетты кисык коздерге еше сурап отрганын карамаисын ба буга берсен суга береды деген атам

Тобылгы 17 Ақпан, 2018

Жер бнрлмесн , онсыз егемендик болмаиды

Көкбөрі 17 Ақпан, 2018

Жер деген мәселены үмытындар. Сатылмайды да жалғада берілмейді. Мұнай саттындар, уран саттындар, тілді саттындар , халықты саттындар. Білімі жоқ коммерсанттер.

өнер 17 Ақпан, 2018

ұры шалды құлататын тек аблязов басқалар қуыршақ құр сөз қуғандар алға двк.

жұма 17 Ақпан, 2018

Халық қашан жерінің қызығын,жеріндегі байлығының қызығын көрер екен,Түбінде ол күнге де жетерміз ,Бәрі өз орындарын табар