• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:09:03
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 NEWS

6 жастағы бала жұртты таң қалдырды (Видео)

Видео аяқталар тұста да әуесқой автор балаға ұзақ ғұмыр тілеп, балаға діни сауаттылығын жоғарылата беруді тапсырады.

Әлеуметтік желіде кішкентайлардың тілін қызықтап, түрлі видеолар жүктеп жатады ғой. Сарыағаш медресе колледжіне қарасты аймақта Құран оқып, елдің ырзашылығына бөленген бала Qamshy.kz ақпарат агенттігінің көзінен таса қалмады.

Видеода әуесқой түсірілімнің авторы аулада жүрген кішкентай баладан Құран оқуын сұрайды. Өзін Абулазиз деп таныстырған кішкентай бала оның өтінішін аяқасты етпей, жүрелеп отырған күйі сүрелерді судыратып жатқа соқты.

Өзінің жасын сұраған видео авторына "алтыдамын" деп жауап берген баланың Құран оқу сауаттылығына, мақамына желі қолданушылары риза болып, алғыстарын, ыстық лебіз-тілектерін жаудыруда.

Видео аяқталар тұста да әуесқой автор балаға ұзақ ғұмыр тілеп, балаға діни сауаттылығын жоғарылата беруді тапсырады.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір