• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

22 Мамыр, 2019 Саясат

Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын

Владимир Зеленскийдің штабы Донбасс мәселесі бойынша Ресеймен бірге референдум өткізу туралы ой толғауда

Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскийдің штабы Донбасс мәселесі бойынша Ресеймен бірге референдум өткізу туралы ой толғауда деп хабарлайды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Украина президенті әкімшілігінің басшысы Андрей Богданға сілтеме жасап хабарлайды.

“Зеленский өзінің сөздерінде келісімдер дайындап, референдум ұйымдастыру туралы айтқан болатын. Жалғыз саясаткерлер емес, халық та өз жауабын айту керек. Біз Ресеймен бейбітшілік келісімдерге қол жеткізу үшін жұмыс істейміз. Донбасс мәселесі бойынша барлық шиеленістерді халық референдумы арқылы шешу керек. Бұндай сұрақтарды президент пен депутаттар емес, халық өзі дауыс беріп, шешім қабылдағаны абзал”, - деді Богдан.

Андрей Богданның айтуынша, Зеленскийдің штабы Ресеймен келіссөздер барасында өз позицияларын жеткізді.

“Зеленский айтқандай, біз аумағымыз бен адамдарымызды сатпаймыз!” – деп Богдан сөзін аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Богдан Украина президенті әкімшілігінің басшысы болып 21-мамыр күні қойылды.

Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір