• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:39:46
Алматы
+35°

Латвияның Лиепаи қаласының тумасы Роман Любимов Мәскеуде құлдыққа жегілген адамдарды қалай құтқарғаны туралы айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі delfi.lv сайтының дерегін негізге алып. Құлдықта болғандардың қатарында қазақстандықтар, қырғызстандықтар мен өзбекстандықтар да болған. 

Роман "Альтернатив" атты ұйым белсенділеріне 2012 жылы көмек көрсеткен. Мәскеудегі атышулы дүкенде құлдыққа жегілген Орталық Азия тұрғындарын қалай құтқарғанын еске алды. 

Ресейліктердің құлдары болған азаматтар жерде ұйықтаған, тіпті олардың кейбірі 12 жыл бойы азап шеккен. Романның сөзінше, оларды кез келген себеппен аяусыз соққыға жыққан. Сондай-ақ дүкенде бейнекамера болғандықтан, олардың әр басқан қадамдары бақылауда болды. 

"Бір әйелдің саусағының сау тамтығы қалмады. Барлығы сынған. Ең сорақысы, дүкен иесінен 2 баласы болды. Оның ешқандай таңдауы болмады. Бірнеше жылдың ішінде ол әлгі дүкеннен 2 рет босанар кезінде ғана сыртқа шыққан. Бір баласын ,Қазақстанға жібереміз, деп алып кеткен. Бірақ оның ағзасын сатуға алып кеткені анықталды. Ұйым осыған ұқсас 4 жағдай болғанын растап отыр. Әлгі әйелдің екінші баласынан белгісіз бір сұйықтық алған. Ол кезде бала тым кішкентай болды. Бірақ сол жайттан кейін бала дамымай қалған. 6 жасында 3 жастағы бала секілді болған. Ол анасымен бірге жертөледе тұрыпты", - дейді Роман. 

Романның айтуы бойынша, полиция қызметкерлері аталмыш жайтқа байланысты ешқандай шара қолданбаған. Арыздану үшін қашып келген азаматтарды қайтадан  дүкен иелеріне апарыпты. Кейін олар қашып кеткені үшін таяқ жеген. 

Соңында "Алтернатив" ұйымы құлдықта болғандарға ақша жинап, құжаттарын реттеп берген. Содан кейін ғана оларды құлдықтан құтқарған. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір