• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 13:08:34
Алматы
+35°

Атақты ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Эйнштейннің есімімен байланысты тарихи жәдігерлер әлемнің әр түкпірінде аукциондарда сатылғанын білеміз. Ал, әйгілі физиктің қолтаңбаларының құны қаншаға бағаланғанын білесіз бе?

1922 жылы физик Токио ғалымдарына дәріс оқу мақсатында жапон елінде болған. Сол сапарында қасында жүріп, қызмет көрсеткен хабаршы жігітке кетерінде алғыс ретінде ақша ұсынады. Бірақ, қарт ғалым қанша қиылып ұсынғанымен жалшы жігіт жергілікті жердің дәстүрін алға тартып, сыйды алудан бас тартады. Сонда Эйнштейн жас жігітке өз қолымен жазылған 2 хат қалдырып, сақтап қоюын сұрайды.

"Барлық уақытта жеңіс қуалап, қарбаласта өткен өмірге қарағанда, тыныш, қарапайым ғана өмір көбірек бақыт сыйлайды" деген сөйлемнен тұратын алғашқы хат жазылғанынан 2 жыл өткеннен кейін Иерусалимдегі аукционда 1,56 млн долларға сатылады.

"Еркіндік бар жерде, жол да болады" деген қысқа сөйлемді екінші қолжазба 240 мың долларға бағаланады.

Осыдан соң сатылымға ғалымның Вальтер Ратенаудың өліміне байланысты Берлиннен кетуге мәжбүр болған шағында қарындасы Маяға жазған хаты шығарылды. Бұл хатта Эйнштейн қарындасына өз өмірі жайлы, Германияны алда күтіп тұрған "қараңғы күндер" туралы баяндайды. Хаттың бастапқы құны – 12 мың долларға бағаланған.

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір