• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:59:46
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2019 NEWS

Ұлттық банк елордаға көше ме?

Ұлттық банк Алматыдан астанаға көшіріледі деп жоспарлануда

Болашақта Ұлттық банкті Алматыдан астанаға көшіру жоспарда бар. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды. Құжатта айтылғандай, 2020 жылы қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігін құрып, ұлттық банктің бірқатар функциясын осы жаңа органға беру көзделіп отыр.

Досаев жаңа агенттікті құру ұлттық банкті қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

"Ұлттық банктің бірқатар функциясы мен өкілеттіктері жаңа агенттікке ауысады. Бүгінгі штаттан шамамен 500 адам осы агенттікке ауыстырылады", - деді ол.

Оның айтуынша, агенттік Алматы қаласында болады. Осы кезде Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин "болашақта ұлттық банкті Нұр-Сұлтан қаласына көшіру жоспарда бар ма?"деген сұрақ қойды.

"Ондай жоспарымыз бар", - деді Досаев.

Ұлтық банк сияқты жаңа агенттік те республика президентіне тікелей бағынады және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір