• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

22 Мамыр, 2019 NEWS

Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?

Алда келе жатқан сайлау науқанына үміткер Әміржан Қосановты жақтағаны сонша, ел ішіндегі қауесеттен ақтап алғысы келді

Бұрынғы доцент, қазіргі уақытта Қосановтың қолдаушысы болып жүрген Серік Абишов халыққа өзінің өкпе - назын айтты. Бұл жайлы ол өзінің әлеуметтік желісіне салған парақшасында жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәтінін «Әміржан Қосановты қолдау, көмек беру, сайлау, бақылаушы туралы»,- деп бастаған Абишов аударылған қаражаттар жайында толық білетінін айта кетті.

«Бүгін үміткерлердің ресми түрде шоттарына қайырымдылық көмек ретінде аударылған қаражат туралы ақпаратпен таныстым. Бірге сараптайық: осы күнге дейін Тоқаевка 514 миллион тенге аударылған, ал Еспаева ханымға 112 миллион тенге, қысқасы Рахимбековтан басқасы (оған 0 тенге) бәріне миллиондаған қаражат аударылған (әрине насихаттары да қаражатқа сәйкес жүргізілуде). Ал халық үміткері Әміржан Қосановқа жалпы 643000 тенге қайырымдылық көмек ретінде халықтан қаражат түскен.»,- деген ренішін білдіреді Серік мырза.

Қаражат

Ол алда келе жатқан сайлау науқанына үміткер Әміржан Қосановты жақтағаны сонша, ел ішіндегі қауесеттен ақтап алғысы келіп былай деді:

«Әміржан Қосанов президенттік бәйгеге шыққанда кейбір адамдар оны "биліктің кісісі" деген ақпарат таратты, сайлауға бойкот жариялаған, әлі де сол пікірдегі адамдар көп. Егер Әміржан Қосанов сондай болса, онда  үкімет, биліктегілер неге көмектеспейді? Агитатция барысында оны артқа тартады, науқаннан құлатқысы келеді, кәнеки енді бойкотчиктер өз ойларыңызды пікірлеріңізді айтыңыздар»,- деген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, сайлауға қатысу жұмыстарына көп қаражат керек екенін Қосановтың өзі де айтқан белгілі.

Оқи отырыңыз: Қосановтың сайлау штабы қолдаушыларына қатаң ескерту жасады

Дайындаған: Бек Байтас

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Курпебаев Коблан Сундетович 23 Мамыр, 2019

Бойкот деген бос әңгіме екенін оппзиция түсініп отыр Соңғы осы 30жылда Қосанов сияқты оппозициядан ешқандай президенттікке кандидат болған емес Оны биліктің адамы дегенніңөзінде оны пайдаланып халықты заңды бейбіт митингкке шығару керек Билік митингтен қатты қорқады Себебі ол жерде талай шындық айтылады Ал Қосановты сайлаудан соң сынайсыңдар Бөрі келгенде ауылдың иті қанша ала болса да бәрі бірігеді деген сөз бар