• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:14:41
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2019 Саясат

Сайлау 2019: "Qamshy.kz"-тің кандидаттармен жұмыс жасау тәртібі

Жазбаша өтініш факс және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

«Qamshy Media» ЖШС – «https://qamshy.kz/» сайтының меншік иесі (әрі қарай – Сайт), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 - қыркүйектегі ҚР Конституциялық Заңына сәйкес, ҚР Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №18 Жарлығымен тағайындалған 2019 жылғы 9 маусымдағы кезектен тыс сайлауға қатысу үшін ҚР Президенттігіне кандидаттарды төлемақы мөлшері, сайлауалды үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) сайтта жариялау үшін интернет алаңын ұсынудың шарты мен реті туралы ақпараттандырады.

Сайлау алдындағы үгіт Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап басталады және сайлаудан бір күн бұрын сағат 0:00-де аяқталады. Осылайша, үгіт-насихат материалдарын сайтта жариялау 2019 жылғы 11-мамыр күні 18.00 сағаттан бастап, 2019 жылғы 8-маусым 00.00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

Кандидатпен немесе кандидаттың құзырлы өкілімен Сайттың меншік иесі арасында жасалынған жазбаша өтініш және келісімшарт негізінде Сайт интернет алаңын ұсынады.

Үгіт-насихат материалдарын жариялау саны мен мерзімі Кандидат немесе Кандидаттың құзырлы өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, сосын келісімшартта жазылады.

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезектілік тәртібімен, әрбір жазбаша өтінішке берілетін реттік номері және өтініштің түскен күні жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қосымша ұсынылуы тиіс:

  1. Кандидаттың тіркелуін дәлелдейтін құжат көшірмесі;
  2. Кандидат өкілінің құзырын дәлелдейтін құжат көшірмесі;
  3. Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлік көшірмесі;
  4. Келісімшарт жасау үшін құзырлы тұлғаны дәлелдейтін құжаттар.

Сайтта Кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезегі жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен немесе өтініштер бір уақытта түскен жағдайда жеребе тастау арқылы белгіленеді.

Үгіт материалдары жариялау уақытына дейін күнтізбелік жұмыс бір күн бұрын Сайтқа беру керек.

Үгіт материалдары олардың төлемі, қаржыландыру көздері, ақпаратты берген тұлғаның тегі туралы көрнекі ақпаратты қамтуы тиіс.

Үгіт материалдарын тапсырған Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болуына жеке жауапкершілік алады. 

Сайттың меншік иесі, егер  үгіт материалдарында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңнамада қарастырылмаған әскери құрылымдарды құру, сонымен қатар басқа да ҚР Президенттігіне Кандидаттың адамгершілік абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттардың болу жағдайы мазмұнындағы үгіт-насихат материалдарын таратудан бас тартуға құқылы.

Кандидат Сайттың меншік иесінің талабы бойынша жоғарыдағы сипаттағы ақпараттың бар екенін растайтын құжаттарды тапсыруға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет алаңын ұсынудың шарты мен тәртібі, ҚР құзырлы органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

 Үгіт-насихат материалдарын сайтта тарату құны мыналарды құрайды:

1) Мақала (2500 белгіге дейін, 800х600 өлшемді бес суретке дейін) – 500 000 (бес жүз мың) теңге (ҚҚС-пен бірге есептегенде)

2) Баннерлер (1000 көрсетілім) – баннердің өлшеміне қарамастан 1000 (мың) теңге (ҚҚС-ты бірге есептегенде)

Таратылған материалдар Desktop-нұсқада қолжетімді болады.

Төлемақы үгіт-насихат материалдарын Сайтта тарату үшін жасалған келісімшарт бойынша Сайттың меншік иесі төлемақыға ұсынған есепшот негізінде, есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Сайттың меншік иесі жазбаша өтініштерді 2019 жылғы 6 мамыр мен 2019 жылғы 6 маусым аралығында, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, мына мекен-жайда қабылдайды: Алматы қ/сы, Мыңбаев көшесі, 151-үй, «Verum» БО, 10-қабат, 138-кабинет, сағат 10:00 - 18:00 аралығында.

Жазбаша өтініш факс және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

 

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір