• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:43:09
+35°

22 Мамыр, 2019 Саясат

Бергей Рысқалиев: "Сол кезде өзгеріс жасағым келді"

Аталмыш жиынға бұрынғы премьер министр Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев қатысты.

Кеше Ермұрат Бапи бастаған қоғам белсенділері Францияда бас қосты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш жиынға бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев қатысқан. 

Әкежан Қажегелдин сөз басында бұрын лауазымды қызметте жүргендердің көбісі шет елде қашып жүргенін айтты. Сондай-ақ ол Бергей Рысқалиев туралы да айтып берді.

"Бергейдің тағдыры да, өмірі де басқаша. Менен Бергей туралы Ұлыбританияның саяси басшылығының өкілдері сұрастырған болатын. Оларға Бергейді көптен бері танитынымды айттым. Сол кезде ол Аслан Мусиннің қасында жүрген құрылысшы жас жігіт еді. Ол Назарбаевтың туысқаны ғана емес. Назарбаевқа мықты, қолынан іс келетін жігіттер керек болды. Қалыпты жағдай бойынша Бергейді қасына алды. Не себепті Назарбаев Бергейді қуғындады? Не себепті Храпунов кетіп қалды? Неліктен араға 10 жыл салып барып қылмыстық іс қозғалды? Біреулердің ықпал еткені анық. Бергей Рысқалиев өз бетінше шетелге кетіп қалды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа қауіпті емес еді. Бірақ Бергей жас жағынан алып қарағанда Дариға үшін қауіпті болды. Мен кезінде Ғалымжан Жақияновпен Парижде кездесіп қалдым. Сол кезде "Сен және Әблязов шатасып жүрсіңдер. Сендердің қарсыластарың мен емес. Тіпті Нұрсұлтан Назарбаев та емес. Сендердің басты қарсыларың – Дариға Назарбаева" деп айтқан болатынмын. Себебі олар Бергейді қуғындау арқылы, Дариғаға жол ашып беруде. Бергей туралы 2 сарапшының қорытындысын оқыдым. Біреуі – атақты ғалым. Ал екіншісін бұрынғы ФБР директоры жазған. Мұндай құжатпен Бергей емін – еркін жүре алады. Ол жұмыс істейді, демалады. Сондай-ақ жазықсыз күйіп кеткен өз командасына қол ұшын созып, арнайы адвокат жалдады. Енді Бергей Қазақстанның саяси өміріне араласпақ. ЕуроОдақтың бірде-бір саяси институтында Бергейге қатысты ешқандай мәселе жоқ екенін нақты айта аламын. Оны қазір түрлі шараларға шақырады", - дейді Әкежан Қажыгелдин.

"Ал мен Қазақстанның саясатына бұрыннан араласып жүрмін. Сол кезде белгілі бір өзгеріс жасағым келді. Алайда бұл мүмкін емес еді. Егер мен елде қалатын болсам, кем дегенде 15 жылға сотталар едім. Түк істей алмас едім. Бір-екі шындықты айтармын. Бірақ темір  тордың ар жағында отырып түк бітірмейтінімді түсіндім. Бірақ сырттан қандай-да бір әрекет жасай алатынымды білдім", - дейді Бергей Рысқалиев.  

Дайындаған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір